fbpx

Біз кімбіз?

Туранга – табиғатты сүйетін, экологияны
жақсартуға және оған аяулы көзқарас
қалыптастыруға ықыласты адамдардың қауымдастығы.

Тораңғы

Компания өз атауын – дүниедегі ең көне де киелі ағаш – Тораңғыдан алған.

Бұл киелі ағаштың тағы бір атауы – Желтораңғы, яғни жел шақырушы Тораңғы. Өйткені, бұл ағаш тымық күннің өзінде, өзіне ғана мәлім бір әдіспен бұтақтарын шайқап, жел шақырғандай болып тұрады. Осы қасиетінің арқасында, Тораңғы көптеген жылдар бойы күн шақырайған кезде де көлеңке сыйлап, жолаушыларды аптап ыстықтан қорғайды..Оның осы ерекшелігі біздің де – адамдар үшін қолайлы, табиғат үшін қауіпсіз күй-жағдай қалыптастыруға деген ұмтылысымызды білдіреді.
Біздің командамызда, ортақ идея біріктірген, алуан түрлі адамдар бар. Біз бәріміз – жапырақтары бір-біріне ұқсамайтын Тораңғы ағашы сықылдымыз. Бұл ағаштың төменіндегі мен жоғарысындағы бұтақтарына қарасаңыз, олар – әртүрлі ағаштың бұтақтарындай әсер қалдырады.

Мақсатымыз

Ұлттық саябақты келушілердің барлығы үшін қолжетімді де қауіпсіз қылып өзгерту. Табиғатты қамқорлау, қорғау, жайқалтуда Ұлттық саябаққа көмектесу.

Әлеуметтік әсері

Жобаның дайындық сатысында, карантин кезінде 100 адам жұмыспен қамтылып үлгерді. 2024 жылға қарай: жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға көмектесетін 500 жұмыс орны ашылады. Барлық деңгейдегі бюджет үшін жылсайынғы түсім 200 млн.теңгені, ал жалақының жылдық қоры 800 млн.теңгені құрайды. Жобаның қаржылық сипатына қоса, оның тағы бір маңызды қыры – қоғамымызда экологиялық ой-пайым, ұстаным қалыптастыруы.

Міндетіміз

Саябақта, адам мен табиғаттың қарым-қатынасын үйлесімге келтіретін жай-ахуал орнату және әр келушіде оның сақталуына жауапкершілік тәрбиелеу.

Menu