Алатау соқпақтары бойынша жолсілтеуші

«Жаратушы жер бетімен айналасып жатып, назарын негізінен егін егуге, мәуелі жеміс-жидек өсіруге ыңғайлы құнарлы топырақты жазық далаға салды. Сонда Жаһан Анасы: «Адамдар үшін жазық дала – нан табуға, сауда жасауға қолайлы екеніне дауым жоқ. Алайда алтынмен ластанған даладан безген рухы сафтар тазалықты қайдан іздейді? Немесе оларға қанат сыйла, алтыннан арылып, таудан пана тапсын», – дейді. Сонда Жаратушы: «Қанат сыйлауға әлі ерте. Жамандыққа жұмсалып кетуі мүмкін. Ал тауды тарту қылып беремін. Біреулер таудан тартынып, қорқар. Ал кейбіреулер үшін тау – құтқарушы, пана болады», -деді.

«Өміршең Этика Ілімі»-нен алынған цитатаны «Алматының тау-тасының бойымен» атты жолбасшы кітаптан оқып отырмыз.  Авторы  — ҚР альпинизм бойынша спорт шебері Бағлан Жүнісов.

Туристер қайда бара жатқанын, яғни маршрутты жеткілікті білуі тиіс. Кезінде альпинизм ардагері, нұсқаушы Вера Ивановна Степанова Іле алатауының альпинисттік маршруттары бойынша анықтамалықтар шығарған болса, қазір ҚР Альпинизм Федерациясының мүшесі Бағлан Жүнісов тау соқпақ, сүрлеулері бойынша анықтамалықтар шығарып жатыр.

Осы жолсілтеуші анықтамалықта былай деп жаызлған: «Таулар әсерлі сәттерді сыйлайды, өмірдің ұлылығын айшықтайды, даналыққа жетелейді, жаратылыстың қыр-сырына қанықтырады. Бойды билеген сезімнің әсерінен, бәрін бірден түсініп, ұғу қиын – осынау ауа, күн, көк және таудың өзі де бар бұл құдыреттердің ішінен, ең бастысын жіліктеп алу мүмкін бе екен?»

Тау аймағын, ішінде ұзағы мен қысқасы бар, жүздеген маршрут торлап жатыр.

«Мен әуелі Іле Алатауы бойынша, ішіне Алматы маңындағы ең танымал он бес маршрут енген жолбасшы құралды баспадан шығардым.  , — дейді Бағлан Абдуллаевич. — Қала әкімшілігі, өз брэндімен, мен әзірлеген атласты шығарды.  Бұл атласқа: бес туристік, бес альпинистік, бес таушаңғысы, бес велосипед, бес фрирайдер маршрут кірді. Біз барша альпинистік маршрутарды жіктеп, өңдеп, жазып шықтық.  Ал туристерде тек спорттық маршруттар ғана бар еді.  Мен категорияға жатпайтын туристік жорықтарды да жіктедім.

Хайкинг —  бірнеше сағатқа созылатын жеңіл жорық;  треккинг — ойлы-қырлы жерлерді өтіп шығатын тәуліктік, күндік жорықтар;  бэкпаркинг – төсекқап, шатырды талап ететін, жолда түнейтін жорықтар; экспедишн — спорт туризміне жақын экспедициялық маршруттар.

Осылайша, жасыл, көк, қызыл маршруттар бар.  Мен цифровизация жүйесін жасадым; шатқалдарға, қалалардағы пошталық адрестер сияқты, нөмір бердім. Цифровизация маған, іздеу жүйесі сұраған нүктені тауып беретіндей, компьютерлік бағдарлама жасауға мүмкіндік берді. Бұл кітапта: қала, виза режимі, қажетті киім мен жабдық; хостел, бюджеттік қонақ үйлер, бесжұлдызды қонақүйлер мен олардағы номер бағасы, азық түлік пен жол құны туралы ақпарат келтірілген.  Бірақ, ең бастысы – демалыс күндердегі жорықтар маршрутының  классификациясы берілген, олардың бәрінің өз шектеулері  бар. Мен оларды – Медеу саябағынан, Горельниктен, Шымбұлақтан деп тарамдап бөлдім.  Аталған радиал маршруттардан өзге, байланыстырушы маршруттар да бар. Осылайша, мен бүкіл Іле Алатауын сипаттап шықтым. Бұнда әр маршруттың қысқаша паспорты, маршруттың басы, жолға кететін уақыт, ұзақтығы, биіктік-көлбеулері, категориясы, ең жоғары нүктесі, маусымы және GPS-координаты келтірілген. Карталар, Google earth, Scribb lemaps және т.с.с картографиялық карталарға сілтеме жасаған түрде, қолдан сызылған. Бақылау нүктелері карта және 3D — визуализация түрінде берілген. Егер QR code-ты қосса, 3D картаға қарауға, ғаламтордан маршруттқа сілтемені қотарып алуға  және электрон нұсқаны алуға болады.  Сондай-ақ, бұларды смартфонға жүктеп алып, интернет жоқ кезде, тауда пайдалануға болады. Маршрутты жүктеген соң, екі хабарлама жолдауға міндетті боласың: біреуі – жақындарыңа, екіншісі – құтқару қызметіне. Бұл – бір қиын жағдайға тап бола қалсаң, құтқарушы қызмет өзіңді тауып алып, көмектесуі үшін қажет».

knigi

Сондай-ақ оқыңыз

Menu