Дүние жүзін шарлаған байкер Дмитрий Петрухинның Лаос джунглилерінде бастан кешкендері. 2-бөлім

Будданың назарында болу

Пак Оу үңгірінде турист ондай көп емес екен және негізінен ағылшындар мен голландиялықтар болып шықты. Көптеген еуропалықтар өз елін тастап, тай қыз-келіншектеріне үйленіп жатады. Сірә, олар бұндай қадамға, қандай да бір уақытқа өздерін жұмақта жүргендей сезіну үшін, баратын шығар.

— Сірә, бұлар Таиландтан экскурсияға өздерінің тай ұлтынан алған әйел, бала-шағаларымен бірге келетін болса керек, -деп ойлаған Дмитрий айналасына қызыға көз тастап қойды.

«Мың Будда үңгірі»– тәу етушілер ғасырлар бойы құдайының мүсінін алып келіп жататын ғажайып орын. Петрухиннің тай қызына үйленетін ниеті жоқ еді. Ол Жүрек көзі ашылған жаннан күн сайын жауып саяхатшының ығырын шығарған жаңбырдың шектен тыс бейнетке батырмауын ғана ойша сұрады. Мүсіндердің мызғымас көзқарасы мен жыпылықтаған майшамдардың әсерінен жүрегі тыныштық тапқандай болып, мамыражай күйге енді.

Қолтырауынды ерттеп міну

Қолтырауын фермасында Дмитрий Иванович құмарынан шығып, рахатқа батты. Ол қолтыраумен жұмыс жасаушыларға қалайда хайуанның  үстіне мініп, фотоға түсуі керегін ұзақ және табандылықпен түсіндірді. Сондай-ақ, шашына ақ кіре бастаған басын қолтырауынның аранына тығып және бұл хайуанды қолына көлденең ұстап та суретке түскісі келетінін білдірді. Бұл үш ұсынысты да лаостықтар қабылдамай, қайтарып тастады. Бірақ тілмаш, жиһанды жалғыз кезіп жүрген бұл саяқ-байкердің фотосыз кетпейтінін ұқтырып бақты. Шынында да, Петрухин бірдеңені ойға алса, оған қол жеткізбей қоймайтын қасиеті бар еді.

Ақырында, бір ортақ мәмілеге келгендей болды. Әуелі қонаққа үйір қолтырауынның ортасында, әсіресе бір нақты колтырауынға жақынырақ тұру ұсынылды. Сірә, бұл – қолтырауындардың ішіндегі ең кәрі, тоқ, жалқауы болса керек. Жан-жағында азуы кере қарыс қолтырауындар жүзіп жүрген Дмитрий Ивановичтің кенет буынынан әл кетіп қалды. Шегінетін жер жоқ, айнала толған – қорқынышты кесірткелер. Сондықтан, амал жоқ, жаңағы айтқан қолтырауынға мініп алды, бірақ оны өз салмағымен суға толық батыруға жүрексінді … Дима өзін біресе – өткір суық тастың үстінде отырғандай, біресе – аузынан от-жалын шашқан айдаһарды ертеп мінген ақымақ Иванушкадай сезінді. Аяғы дірілдеген Тунгус үйірдің арасынан әрең шықты. Алайда бұның бәрі – ол бастан кешкен хикаяның басы ғана еді.

Фотоға түсуге жоқ рептилиялар

Фотографиялар шамалы болып шықты. Ал видеоға мүлде түсірмепті. Екінші дубльде ол енді кәрі қолтырауынға батылырақ келіп, фотоға түсу үшін, оның үстіне сенімді қонжиды. Осыдан соң, қолтырауынмен жұмыс жасаушы маман Димаға қолтырауынның ауызын ашып, қолымен ұстап тұруды ұсынды. Байкерді фотоға түсіре бастаған кезде, ол қолын ауыстыруды шешті.

Ол қолтырауынның жағынан ұстап үлгермей жатып, жануар азуын тарс еткізіп жауып, құйрығын екі рет бұлғап жіберген кезде, Тунгус судағы үйірдің арасына құлап түсуге сәл қалды. Қолтырауынмен жұмыс жасаушының бет-ауызы көгеріп, солармен бірдей түске енгендей болды. Жалма-жан эксприментті тоқтатқысы келді. Алайда байкер енді ғана қызып келе жатыр еді!

Ол қалтасынан қазақстандық банктың жолда пайдаланып жүрген карточкасын шығарып, тағы бірнеше фотоға түсіруді талап етті. Ферма қызметкерлері мәз болып, қол шапалақтады. Ол байкерге өте батыл адам ретінде құрмет білдіріп жатты. Сірә, бір жағынан, бірдеңе болмай тұрып, бұл кісінің тезірек кетіп қалғанын да қалап тұрды-ау.  .

Тек қонақүйге жеткен соң ғана, Петрухин фотосессия барысында, өзінің қандай тәуекелге  барғанын ұқты.

Сондай-ақ оқыңыз

Menu