Олар Іле Алатауының даңқын асырды. Петр Дельвер

Петр Антонович Дельвер өз өмірін тау шаңғысы спортын дамытуға арнады.  Ол диссертацияны Киев мемлекеттік денешынықтыру институтында 1975 жылы қорғап, Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру спорты институтындағы шаңғы спорты кафедрасының меңгерушісі лауазымын иеленді. Өзге де оқытушылармен бірге, Дельвер орташа биіктіктің спортшылардың ағзасына тигізер әсерін зерттеді. Петра Антоновичтың жұмыстарының бірі – Іле Алатауы мен елімізде тау шаңғысы спортының даму тарихына арналған.

Іле Алатауындағы олипиадалық дайындық орталықтары

Советтік кезеңде «Медеу» мен «Шымбұлак» – олипиадалық дайындық орталықтары болды. Бұл – үздік спортсмендер үшін қасиетті орын еді. «Қазақстанда шаңғы спортының қалыптасуы Жалпыхалықтық әскери дайындықтың міндеттелуімен байланысты болды, – дейді Дельвер. – 1923 жылы Дене шынықтыру ісі бойынша Жоғары кеңес құрылып, осы кезден бастап жарыстар өткізіле бастады. 37-жылы Алматыға екі австриялық пен бір неміс келді. Бұлар – Еуропадағы фашистік режимнен бас сауғалаған альпинист–тау шаңғышылары еді. Көмкерілген шаңғылары бар бұл үшеуі балаларға таудан шаңғымен қалай сырғанау керегін көрсетті».

Қаршадайынан шаңғыға тұрған

Дельвер отбасындағы барша бала қаршадайынан шаңғыға тұрады. Отбасының шаруашылығы – қала, өлке шаңғы жарыстарының трассалары өтетін төбе-жоталы жерде орналасқан еді. Майданға аттанар алдында, әкесі Петр үшін шаңғы жасап берді. Петр осы шаңғысымен жота бойымен сабаққа барып жүрді, ал тау шаңғышыларының жарысына бірінші рет 1951 жылы қатысты.

«Техникумның 1-курсында оқып жүргенімде, мені Шымбұлақтағы «Искра» ерікті спорт қоғамының орталық спартакиада біріншілігіне қатысу үшін, тау шаңғышыларының өлке командасының құрамына алды. 54-жылдың көктемінде шаңғы бойынша қала жарысының қортындысына сай – ең үздік алты спортшының қатарына ендім. 1958-жылы шаңғы спортының барша түрі бойынша қала және өлке жарыстарында табысқа жеттім: секіру мен шаңғы қоссайысында жеңімпаз атандым, сондай-ақ, үздік слаломшы атағын иелендім. Институтта сабақ беріп жүріп, жаттықтырушылық жұмысты да жүргіздім. 60-жылдары барша тау шаңғышылары қай жерде үздік трасса бар екенін және қысқы жаттығулар үшін қай жерде жақсы жағдай барын анық білді, сондықтан Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру спорты институтына  – Сібір, Алтай, Урал, Еділ маңының спортшылары түсіп, білім алатын еді. Олар менің жаттықтыру тобыма кіріп, жаңа ілім-білім алып, спорттық-техникалық дайындықтан өтіп жүрді» – деп жазады Дельвер.

Іле Алатауының тартымдылығы

«Шымбұлақ» – бүкіл Совет Одағы үшін көп жылдар бойы өте тартымды болды. Бұнда бүкіл халықаралық талаптарға сай, толыққанды төменге тез сырғанау трассасы бар еді. Жақсы ұйымдастырылған дайындықтың арқасында, қазақстандық команда сол кезде табысты өнер көрсетіп жүрді.

Жаттықтыру процесі пәрмендірек болуы үшін, Совет Одағының құрама командаларында спорт түрлері бойынша кешенді ғылыми топтар құрылды. Ғылыми-әдістемелік қолдау жаттықтырушыларға атлеттерге түсетін салмақты жоспарлау мен реттеуге көмектесті. 1981 жылы Совет Одағының Спорт комитеті бұл міндетті Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру спорты институтына  жүктеді.

«Мен кафедраға меңгеруші болып жұмыс жасап жүрген кезімде, барша жұмыс – ортабиіктіктерде, барометрлік қысым төмен болған жағдайда жүргізілген зертеулерге негізделді. Осының арқасында, біздің институттың шаңғы спорты кафедрасы, ғылыми-педагогикалық жетістіктері жөнінен, Совет Одағының әріптес кафедраларының арасында ерекшеленіп тұрды».

Ортабиіктіктің спортсмендерді дайындау ісіне әсер-ықпалы жөнінен көптеген әдістемелік құрал, мақалалар жазылды. Ал  Петр Антонович Дельвер әлі күнге студенттермен жұмыс жасап келеді.

Сондай-ақ оқыңыз

Menu