Тауға барыңыз. Ұзақ өмір сүріңіз.

Мереке күндері Аюсай визит орталығына келген 200 кісі жобамен танысты. Жұмыс күні Үлкен Алматы шатқалында санаулы кісі демалып жүрді. Аюсай сарқырамасы бағытына қарай арасында – жасы, орта жастағысы, егдесі бар үш ер адам бет алды. Олар визит орталықты көру туралы ұсынысты қабыл алып, қайтар жолда бас сұқты.

82 жастағы Василий Иванович Чеканов –  әртүрлі қызметте, соның ішінде геология министрлігінде де жұмыс жасаған, Қазақстан мен Ресейді бастан-аяқ шарлаған ғалым-зоотехник. Тауға 30 жасынан бері келіп жүр екен. Орталық Азия әскери округының 12-альпинистер спорт клубында айналысқан. Көп жылдар бойы тау шөптері мен тамырларын жинайды. Ол, өзімен шамаластар тау түгілі үйден шығуы мұң болған жасқа келген кезде, альпинист Андрей Пучининмен бірге тауға көтеріліп жүрді.

Даналықты егде туристерден үйреніңіздер

– Бұл – тауға барып жүрген және денсаулығы керемет ғажап алматылықтардың бірі, – дейді Андрей Пучинин. – Мен Василий Ивановичпен, ол 75-те болған кезден бастап, тауға бара бастадым. Ол шөп арқылы өте ауыр сырқаттарды емдеп жүр. Мен оған тауда көмектестім. Ал ол болса, өз кезегінде, шөп бойынша хабардарлығымды арттырды.

–  Тауға барып тұрыңыз. Сонда жүз жыл өмір сүресіз, – дейді Василий Иванович. – Былтыр Советтер шыңының астындағы “Қазселқорғау”-да кезекшілікте болдым. Ол жақта бір үйшігім бар еді, жорық кезінде маған келіп қонған жігіттер, борсық көріпті. Ал өзім тау ешкілерін жиі ұшыртамын. Менің лашығымнан тек жартастар мен қарлы шыңдар ғана көрінеді. Ал төменде эдельвейспен көмкерілген кілем-алқап жатыр. Табиғатпен тату-тәтті өмір сүретіндер ұзақ та бақытты өмір сүретінін есте тұтыңыздар.

Қонаққа келеміз, күтіңіздер.

Василий Иванович Чеканов пен оның жас достарының пікірінше, визит орталық турзимнің дамуына оң әсерін тигізетін болады.

–  Бұл керемет идея, осы қалпыңыздан таймаңыздар! Бұнда балалар асыр сала алады, үлкендерге де – бір ғанибет! Келушілер легі тоқтамайтынына күмәнім жоқ! Жобаның жемісті болуын тілеймін. Ал біз сізге қонаққа келіп тұратын боламыз. Және өзге туристермен өз ілім-білімімізбен бөлісеміз.

Сондай-ақ оқыңыз

Menu