Қорық аумақтар. Іле Алатауының көлдері

Есік

Есік көлі – Іле Алатауы ұлттық саябағының аумағында Есік шатқалында 1700 метр биіктікте орналасқан. Геологтардың пікірінше, 8-10 жыл бұрын таудың үлкен бір кесегі опырылып, шатқалды жауып тастаған. Сонда, мұздықтардан бастау алған өзен бөгеліп, қазаншұңқырды толтырады. Совет кезінде көлдің жағасында автовокзал, қонақүй, мейрамхана жұмыс жасап, иығында арқалаған рюкзактары бар туристер жорыққа аттанып жүрді.

Мұздықтардың еруі үдеген шақтарда көл бөгеттің айдарына дейін келіп, шатқалға су сарқырамасы жөңкіліп жүрді. 1963 жылдың шілдесінде бұнда орасан зор сел жүрді. Лай мен тастан тұратын бұл ағын  – Жарсай өзенінің жоғары жағындағы морена көлдің арнасынан асып кетуінен пайда болды деп саналып жүр.

Он екі дүлей толқын

Лай-тас көшкіні Есік көліне он екі дүлей толқын болып кірді. Бұл жойқын шабуыл төрт сағат бойы жүрді. Сел жағаны да жайпап, тамырымен жұлынған ағаштар мен шыр айналған тастарды өзімен бірге ала кетті. Толқынның биіктігі бес метрге дейін барды. Сел көлге дейін жеткен кезде, табиғи бөгет дүлей күштің екпініне төтеп бере алмай қалды. Арнасынан асқан көл суы – тас, балшықпен араласып, жолындағының бәрін жайпап, Есік қаласына қарай бет алды.

Құтқару жұмыстары

1963 жылдың 7-шілдесінен 8-не қараған түні түкұшақ ұшқыштарын дабылмен көтерді. Жексенбі күні көл жағасында жүздеген адам демалып жатқан еді.  Бұлардың көбі қаза тапты, енді аман қалғандарын құтқару керек болды. Таң ата сала, Игорем Цельман басқаратын МИ-1 тікұшағы талқандалған шатқалдың үстінде қалықтап жүрді.

Машинаның бортына тек бір адамды ғана алуға болатын еді, сондықтан тікұшақ жараланған адамдарды тауып, оларды бір-бірлеп жартылай қираған би алаңына апара бастады. Ал тау ішінде 176 турист көмек күтіп тұрді.

Жоғарыда Цельман жалғыз жұмыс жасады, қалған тікұшақтар төменде қалықтап жүрді. Кешке таман ұшқыш жартастан адамды байқап қалып, оған иегімен төменірек түсуді меңзеді. Қонатын жер болмады. Екінші рет айналып келгенде, барынша жақындады – тек винті бірдеңеге тиіп кетпесе екен …

— Ана жерде әйел бар! – деген ер адам, бір жақты қолымен сілтеп көрсетті.

—  Мінсеңші, енді! — деген пилот машинасын бөктерден бұрып алып кетті.

Тағы жоғарыға. Әйел адам етжеңді толық кісі болып шықты. Ұшқыш бір қолын штурвалдан алмай, бір қолымен әйелді тартып, әупірімдеп бортқа мінгізді. Ал үш күннен кейін, биіктікті жиі және күрт ауыстыра бергендіктен, мұрнынан қан кетті. Осы уақыттың ішінде Игорь Цельман екі жүзден астам адамды құтқарып үлгерді. Абыр-сабырда бір кісі оған «Цельман Игорь Андреевке –нағыз адамға» деген жазуы бар кәмпит қорапшасын табыстады. Адамдарды құтқару операциясында көрсеткен қайраты үшін ұшқыш «Ерлігі үшін» медалымен марапатталды.  Есік шатқалындағы көшкін – Совет Одағы аумағындағы ең ірі сел болып танылды.

Өзен арнасын ауыстырды

Көлден оның тек шығыс жағы сақталып қалды, өзен арнасын ауыстырып, енді лай-тас көшкінінің бағытымен ағып жатыр.  Есік өзенінің жоғары жағында опырылыс-тектоника құбылыстарының нәтижесінде пайда болған Ақкөл және Мұзкөл көлдері орналасқан.  Шатқалдың көлден жоғары аумағын селден қорғау үшін көшкіннің жойқындығын кемітетін торлы бөгет салынды. Бөгеттің ар жағында, кезінде жартасқа өрмелеу жаттығуларына пайдаланылған «Кремль қабырғасы»  жартастары бар.

Есік шатқалының бөктері – сусыма, құлама сипатқа ие. Бұл жерге қарақұс, құмай, ұлар әуес келеді. Таудың жоғарырақ жағын қар барысы мекендейді, ал жартастардан тауешкілерді байқауға болады. Сондай-ақ, түлкі, елік, қабан кездеседі. Тау бөктерінде, төмен жақта –  көктерек, сарыөрік, долана, өрік, алма, итмұрын, бөріқарақат, үшқат өседі.  Есік – Іле Алатауының інжу-маржаны.

Сондай-ақ оқыңыз

Menu