Зоолог Александр Жданко Индонезияның ұлттық саябақтары туралы

Суматра джунглилерінде

«Бодрячок» клубының мүшелері кезекті рет сүйікті соқпағы – Жапон жолымен келе жатты, ал мен, сол баяғыша, табиғат туралы қызықты мәлімет алып қалу үшін, Александр Жданконың жанында болуға тырыстым.  Зоолог біздің ардагерлер жорығы қозғалысымызға ықыласпен қосылды және өзінің алыс саяхаттары мен экспедициялары жайлы естеліктерімен қуана бөлісуден танған емес.
— Индонезияда адам аяғы әлі баспаған деуге келетін ұлттық саябақтар бар, – деп бастады әңгімесін  энтомолог, фотограф Александр Жданко. — Ішінде маймылдың сирек түрлері өте көп сондай саябаққа Суматрада кез келдік. Бұл маймылдардың ішінде орангутангтар популяциясы ерекше орын алады. 50 доллар төлесең, екі жолбасшы айналым маршрутпен 10 ашқырымдай алып жүреді. Мен бұларға – маған қалайда бұл жануарларды фотоға түсіріп алуым керек, – десем, олар маған – бұл сенің жолың болуыңа байланысты, бәлки, кездесіп те қалар, – деп жауап берді.

Бәрі үшін төлеу керек! Қанмен!

Бұл жақтың жері тау-тасты болып келеді. Тау бөктерінде тропикалық шөптер қаптап өскен. Туристердің үсті-басы – бұл жердің қызыл топырағына әбден былғанды.
— Мен өзімнің дұрыс киінбегенімді түсіндім: аяғымда – жеңіл тапочка, үстімде – жеңіл көйлек пен үнді желкенматасынан жасалған қысқа шалбар ғана. Жаңбыр маусымына тап келіппіз, ауа қапырық, өте ығалды. Дайындығым шамалылау болған бұл экспедиция барысында, үстіме ағаштан сүлік жауумен болды. Саяхаттан оралған соң, ол қанышерлерді үстімнен түсіруге біраз уақыт кетті. Олар үсті-басыма түгел кіріп кетіп, үш күн бойы қанымды тоқтата алмай жүрдім. Онсыз да қаным нашар ұйушы еді. Осында жүріп, үстіме бірдеңе жағып, жарақаттарымды таңып жапсам да, көпке дейін, қан сорған орындары көгеріп, кетпей жүрді.

Орангутангтар отбасы

Гидтер Александрдың аппаратурасы жақсы екеніне көңіл аударып,  бірдеңе байқай қалса, қолымен меңзеп көрсетіп, фотограф-зоологке ерекше құрмет көрсете бастады. Күн бұлтты болғандықтан, ағаш көлеңкесінің астында жүрген саяхатшылар жартылай қараңғыда жүргендей әсерде болды.
—  Өзге бір планетада, «Аватар»-дағыдай өзге бір әлемде жүргендей, күй кештік. Бір жерге келгенде, гидтер: Енді, сақ болыңдар, осы жерде орангутангтар кездеседі, – деп ескертті. Көп ұзамай, қасында баласы бар ұрғашы орангутангты көрдік. Ол аузындағы тамағын сәбиінің аузына бірден жөнелтіп, тамақтандыруда екен, тіпті сүйгендей де қимылдар жасап жатыр. Ал мен бұл кереметті фотоға түсіру үшін барған сайын жақындап келемін. Ішімнен жарық аз, сондықтан жиырма метрден түсірсем, – деп ойлап қоямын.  Гидтер тым жақындап кеттің деп ескертіп жатыр. Бірақ әсер үстінде жүріп, бұл ескертуді қабылдай қоймадым. Кенет, балақай анасын тастай сала, бұтақпен өрмелей жөнеліп, қалай менің үстіме секіріп мініп, жұқа көйлегіме барша төрт аяғымен жабысқанын сыртымнан баққан гидтер де байқап, үлгермей қалды! Қасымдағы серіктерім, сені әкем деп танып жатыр ғой!, – деп қарқылдап күліп жатыр. Мәз болған гидтер үстімнен маймылдың баласын ала алмай жатыр, ал маған түк те күлкілі емес.

Осы кезде жолбасшының біреуі сөмкесінен банан шығарып, балақайға ұсынып, маған: қаш!, – деді.
— Мен маймылдың сирек үш түрін, таспа секілді жасыл жыланды және әлемдегі ең ірі көгілдір көбелекті суретке түсіре алдым.

Сондай-ақ оқыңыз

Menu