Ғалымдар “Аюсай” шатқалын цифрландырып шықты

“Аюсай” шатқалындағы визит-орталықтың техникалық ашылуында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ маңындағы Жерді қашықтықтан зондтау орталығының қызметкерлері әзірлеген туристік соқпақтардың схемалық цифрлі карталары ұсынылды.

«Біз “Туранга Групп” компаниясының Іле-Алатау ұлттық паркінде тұрақты экотуризмді дамытып, және осы жолда ғылым мен цифрлендіру көмегіне жүгінгеніне өте қуаныштымыз”, – деді, бірлескен өнімін ұсынған ғалымдар.

Қазір жерді қашықтықтан зондтау орталығы толығымен “Аюсай” шатқалының маршруттар мен мен инфрақұрылым карталарын жасап жатыр. Осы жұмыс үш бағытта жүргізілді: Жапон соқпағы, сарқырамаларға апаратын соқпақ және “Жас қайың” соқпағы. Картаны құрастыру кезінде спутниктен алынған фотомәлімет пен Зондтау орталығының заманауи геоақпараттық бағдарламалары қолданылды.

Осының нәтижесінде “Аюсай” шатқалының барлық инфрақұрылымы цифрландырылды. Демек нысандар, жолдар, өсімдіктер, өзендер, бұлақтар, рельеф пен туристік орындардың барлығы цифрлік картада бар.

Жұмыстың соңғы кезеңінде орталық қызметкерлері рекреациялық география және туризм бөлімімен бірге маркерлердің орналасуын тексеру үшін әр соқпақпен жүріп өтті.

“Бұл бізге туристік нысандардың орналасқан координаттарын үлкен дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. 122-ге жуық маркер анықталды және 270-ке жуық фотосуреттер түсірілді. “Туранга Групп” өкілдерімен келісе отырып, маркерлер картаға енгізілді” – деп түсіндірді, осы жобаның үйлестірушісі, ҚазҰУ Картография және геоинформатика кафедрасының аға оқытушысы Өміржан Тәукебаев.

Жапон соқпағының ұзындығы бір бағытқа 10,2 шақырымды, «Жас қайың» соқпағының барып-келу қашықтығы 2,5 шақырымды, ал сарқырамаларға дейінгі жолдың ұзындығы бір бағытта 1,9 шақырымды құрайды.

Схемалық картаның көптеген артықшылықтары бар. Бастысы, ол цифрлы болғандықтан, кез-келген уақытта өзгерістер енгізуге болады. Нысандық мәліметтер базасы бар әрі барлық маркерлер координаттар жүйесімен синхрондалған. Демек GPS білезігі бар келушілерге картадағы мәліметтерді өз білезігіне жүктеп алуға болады.

Өміржан Тәукебаевтың айтуынша, ұлттық университет өз ғылыми потенциалын қала тұрғындарының пайдасына және табиғатты қорғауға жұмсауға өте қуанышты

Сондай-ақ оқыңыз

Menu