Аюсайдағы зоологтар

Аюсай — бұла табиғаттың ұжмақ мүйісі

Визит-орталық орналасқан Аюсай шатқалы теңіз деңгейінен 1650 метр биіктікте орналасқан.  «Туранга групп» компаниясы келушілерге экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізеді. Қыс кезінде, үшінші сарқырамаға барушылардың санын мейлінше азайту үшін түсінік жұмыстары жүргізіледі. Өйткені бұл жер – қар барысы мен өзге де жануарлар мекендейтін аумақ.

ҚР БҒМ Зоология институтының териология зертханасының меңгерушісі, қар барысына мониторинг жүргізу орталығының басшысы Алексей Грачев: Аюсайды – жабайы жануарлар үшін ұжмақ мекен деп атайды.

Іле Алатауының етегінде ірі қала және елді мекендер орналасқан.  Бұл – осы таулардың биологиялық алуандығына кері әсер ететін фактор. Ғасыр бойы қыраттың экожүйесі қарқынды антропогендік әсерге ұшырап жатыр.Соның кесірінен, жабайы аңдардың түрі де саны да азайып кетті, — дейді ғалым. — 1996 жылы Іле Алатауы ұлттық саябағы құрылғаннан бері, ахуал жақсарып, жануарлардың саны қалпына келе бастады. Егер осыған дейін, қар барысы тек Алматы қорығының аумағында ғана көзге түсетін болса, қазір Іле Алатауында ол мекендейтін, жиі кездесетін екі аймақ  бар.

Біріншісі – Сол Талғардан бастап Түргенге дейін. Мекендеушілерінің саны біріншімен шамалас екінші мекені – Үлкен Алматы мен Қаскелеңнің арасында орналасқан. Осы екі аумақтың – Алматы қорығы мен Іле Алатауының «қорық» өзегінің арасында, оқшаулаушы тосқауыл ролін атқаратын Кіші Алматы және сол маңайдағы өзге де шатқалдар бар.  Адамнан босамайтын бұл аумақ – Үлкен Алматы өзенінің оң жағалауынан Кіші Алматы өзенінің оң жағалауына дейін созылып жатыр. Сондықтан, бұл аралықта қар барысы өте сирек кездеседі. Аталған аумақ – екі субпопуляция арасында гендік қор алмасуы үшін кедергі болып табылады. Бірнеше жыл бұрын осы екі аумақтың барыстары бір-бірімен Көкжайлау, Құмбел арқылы қатынаса алды. Бірақ қазір ол жақта қар барыстары жоқ.

Егер биіктік диапазонына көз салсақ, қар барыстарының өмір сүру ортасы 1200 метр биіктіктен басталады. Қорықтың шекарасы басталатын Сол Талғарда, қар барыстары бақылау бекетінің маңында кездеседі. Тау текелер туралы да соны айтуға болады. Қаскелең аумағында жануарларды 2000 метрден төмендеу жерлерден ұшыратуға болады. Адамдар көп болатын антропогендік әсері қатты аймақтарда (Өткел, Үлкен Алматы өзені ) қар барысы жоғарырақта кездеседі. Адамдардан қашық жүру үшін, олар мекен үшін қолайлы деуге келмейтін жерлерде жүруге мәжбүр.

снежный барс

Адамдардың келуі қиын тағы бір ерекше жер – Аюсай бар. Ондағы бірінші сарқырама маңында жоғары көтерілу үлкен күшке түседі. Релефі – жартасты және көшкін жүру қаупі бар. Аюсай – аюдың сайы, аю мекендейтін сай деген мағынаны береді.  Аюды аулау, атуға тыйым салынбаған кезде, оны құртып жіберуге жақын қалған. Сөйтіп, қоңыр аюдың тянь-шандық түрі сирек кездесетін болды. Дегенмен, адам баласы үшін келуі қиын табиғи кедергілерінің арқасында, Аюсай – барыстар мен аюлар сақталып қалған табиғат мүйісі. Адамдардың бұл жақта сирек жүретініне орай, қар барыстары бұнда екі мың метр биіктікті мекендей береді. Бұл жаққа адамдардың, әсіресе, қыс кезінде келмегені – өте-мөте абзал. Өйткені, қыс кезінде әуелі тұяқты жануарлар етекке түсе бастайды. Олардың соңынан ерген қар барыстары да төмендейді. Қаңтардың аяғы мен ақпан кезінде қар барыстары шағылысады. Осындайда машинаның дауысы, петардалардың жарылысы, жаққан оттың түтіндері оларды қатты үркітеді.

Біз жақында қысқы Аюсайды бақылай бастадық. Ұлттық Саябақтың құрылғанына біраз уақыт болғанының арқасында, қоңыр аю аумақтың барлық дерлік бөлігін белсенді иегеруде.  Қазір жануарлар тіпті Үлкен Алматы көлінің маңын мекендей бастады. Қудалау тыйылған соң, олардың адамнан үркіп-сескену біраз азайды. Біз адамдар демалған соң қалатын күл-қоқыс  орындарына фототұзақтар қойып жүрміз. Осы жерлерге аюлар келіп, адамдардан қалған ас қалдықтарын жейді.   Аюлардың табиғатында адамдардан сескену болса да, оларды қатты бір қауіп деп қабылдамайды.Бәлки, бірте-бірте бізде де Йелоустоун ұлттық саябағындағы сияқты болып, адамдардан қалған қалдықты жеп жаман үйренген аюлар, оларды азық көзі ретінде  қабылдайтындай болар ма екен. Ол жақта, егер адам тамақ бермей қойса, аю оған шабуылдауы кездескен.  Саябақ аумағындағы тамақ пен қоқыс қалдығы қалмайтын болған соң ғана, бұл мәселе шешілген. Егер біздің саябақта да қалдық, қоқыс мәселесін шешпесек, біз де жаңағы түйткілмен бетпе-бет келуіміз мүмкін.  Аюдың Қызыл Кітапқа енген аң екенін есте тұтайық. Бірде біз жас аюдың ізін «Үш аю» атты мүсіннің маңынан көрдік және бұл із қоқыс жаққа қарай кетіп бара жатты.

«Туранга групп» компаниясы біздің кеңесімізді қабыл алды. Соқпақ үшінші сарқырамаға дейін барады. Оның бойында – адамдардың сауық құрған, түнеген, от жаққан іздері атымен болмауы тиіс. Егер адамдар бұл жаққа келіп, табиғатты тамашалап болып кетіп қалса, соқпақты экскурсия ретінде ғана пайдаланса, олардан жануарлар үшін қауіп жоқ. Дұрысы – жануарлар етекке түсетін қарашадан бастап, сәуірге дейін, шатқалдың жоғары бөлігіне ешкімді жібермеу. Сонда ғана, біз табиғаттың осы мүйісін, жануарлардың санын сақтап қала аламыз.

Біздің фототұзақтарымыз Іле Алатауында жыл бойы тұрады. Биылғы жылы, карантин кезінде, қар барыстары мен қоңыр аюлардың Үлкен Алматы көлінің маңындағы жолға келгені мәлім болды. Қазір машиналар бұл көлге қарай жіберілмейді. Сондықтан, жануарлар, сірә, тағы да Құмбел мен Шымбұлақ арқылы, Алматы қорығы орналасқан, Талғар тау түйініне қарай еш кедергісіз өте алатын шығар. Үлкен Алматы көлінің маңында, туризмді қыс мезгілінде тоқтатып, жаз кезінде ғана дамытуға болады».

большое алматинское озеро алматы

Сондай-ақ оқыңыз

Menu