fbpx

Аюсайдағы ғылыми жұмыс

ҚР БҒМ Зоология институтының мамандары Аюсай шатқалын зерттеуін жалғастырып жатыр. Жануарлардың әр тобы, өз алдына, жеке-дара ұстаным мен зерттеу әдістерін талап етеді. Ірі сүтқоректілерді бақылау үшін 12 есе жақындататын дүрбі, тұрбалар қажет. Териолог Алексей Грачев пен оның әріптестері, күннің аяқ астынан суып кеткеніне қарамастан, жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Бұлар, жануарлардың қар бетінде қалдырған іздеріне қарап, олардың санын анықтау үстінде.

Орнитолог Сырымгүл Зарипова көкқұстың (күлгін сайрақтың) ұясын тауып алды. Бұл құс Қазақстанның Қызыл Кітабына енген. Биоценоз үшін, орнитофаунаның өзге де өкілдерінің, мысалы осы аумаққа тән құс – тау шақшақайының да мәні зор.

Тау шақшақайы (көксала наурызек) / Motacilla cinerea / Grey wagtail

Энтомологтар Руслан Егоров пен Петр Егоров өз зертеулерін тек күндіз ғана емес, түнде де жүргізді. Энтомология экраны —лампа жарығы мен ултракүлгін сәуле спектрі өзіне арбаған энтомофаунаны жинау мен  есебін шығарудың бір құралы.

Герпетологиялық нысандарды зерттеу үшін күнгей бөктер, тау-тас үйінділері және олардың асты мен қуыстарына үңілу керек. Аумақты аралау барысында, маман Ғайша Нүрпеисова Қазақстан герпетофаунасының ең улы өкілі — кәдімгі қалқантұмсық жыланды тауып алды.

герпетологиялық зерттеу

Аюсай шатқалындағы қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың тізімін ұсынамыз.

  1. Алай жалаңкөзі – Asymblepharus alaicus(Elpatjevsky, 1901)
  2. Кәдімгі қалқантұмсық жылан – Gloydius halys(Pallas, 1776)

Кәдімгі қалқантұмсық жылан (Gloydius halys) (бұл жерде аталған жыланның сирек түсті өкілі бейнеленген). Фото авторы – С.К.Сапарбаев

 

Сирек және жойылып бара жатқан түрлер

  1. Певцов құрбақасы – Bufo pewzowiBedriaga, 1898 (Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына енген)

Аюсай шатқалындағы қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың фотосуреттері

Аюсай шатқалы мен оның маңының орнитофаунасының бастапқы тізіміне:  қаршыға, көксары, жамансары, жағалтай, кәдімгі күйкентай, көк кептер,  үлкен түркептер, қала қарлығашы, тау шақшақайы (көксала наурызек),  сауысқан, балқарағай торғайы, қара қарға, кәдімгі сушылқара, , бізтұмсық шөже, қаратамақ содырғы, жасыл сарықас, үнді сарықасы, қылғытпа сайрақ, жоңғар шөжеторғайы,  ақ шымшық,  сарыбауыр шымшық, кәдімгі шақылдақ, бозбас пайызторғай енді. Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына енгендерден дала бүркіті, бақалтақ бүркіт, көкқұс (күлгін сайрақ) көзге түсті.

Сондай-ақ оқыңыз

Menu