«Бодрячок» Жаңа Жылды қарсы алды

Табиғатпен қауышу ләззаты

Жылдың соңы – қортынды жасайтын уақыт.  «Туранга групп» компаниясының зейнет жасындағы адамдарды тау жорықтарына тарту бойынша әлеуметтік жобасы – жұмыс жасай бастаған екі ай ішінде, көп адамға табиғатпен қауышу қуанышын сыйлады.

Басында біз тауға екі машинамен барып жүрдік. Қазір машина мен микроавтобусқа да сыймайтын болдық. Сондықтан, Үлкен Алматы шатқалына барардан бірнеше күн бұрып, жорыққа ықыластылар тізімін жауып тастауға тура келіп жүр. Жапон жолымен, Аюсай және Жас Қайың соқпақтарымен саяхат жасауға ықыластылар саны, барған сайын, артып келеді. Үлкен Алматы көлінің айналасында айналма жол салынуын асыға күтіп жүрміз. Ал Жапон соқпағына апаратын жолдағы өзеннің үстіне көпірді, «Туранга групп» санаулы аптаның ішінде орнатып тастады.

Бодрячок-жомартым, қобдишаңды айқара аш!

Клубты қалай атаймыз деп ойландық. «Бодрячок» — деген біз туралы ғой! Бодрячок-жомартым, қобдишаңды айқара аш! Ал бұл қобдиша – әрдайым пирог, печеньеге толы.  Және әр әйел, жорықтан кейін достарымен бірге жүрек жалғау үшін, өзінің ерекше бір мәзірін дайындайды.

Клубта қызық адамдар көп. Клубтың ең егде мүшесі – Ираида Федоровна Ключук 83 жаста. Ол Қытайда дүниеге келіп, артынан ата-анасымен бірге, Совет Одағына тың көтеруге көшіп келген. Туризммен, бағдарлаумен айналысты, Одақ жарыстарына қатысты. Инженер-құюшы мамандығын игерді. Іле Алатауындағы шыңдарға шықты, бүкіл альпинистік шараларға қатысты, қазір «Бодрячок» клубының шараларының бір де біреуін жібермей, ат салысып жүр.

Лариса Ивановна Берладион университетте «машина жасау ісін автоматтандыру» пәні бойынша сабақ берді. Көп жылдар бойы тауға сауық жорықтарына шығып жүрді. Бірде белсенді туристпен танысып қалды. Алғашқы жорық ауыр болып, күртік қардың үстіне отырып, демалып жүрді. Бірақ қазір соқпақпен нық басатын Лариса Ивановна, ешкімнен қалмайды.

Сауле Жанаева — медицина маманы, ғылыми қызметкер. Ол – топтың ішіндегі ең жасы, көп сөйлемейтін, ең момыны. Ол – аязды да, күн сәулесін де, адамдармен араласуды да қуана қабылдайды. Біз Сәуленің жасы зейнеткерліктен көп алыс екеніне кешіріммен қараймыз, оның әдемі күлкісі адамның бойынша шуақ болып дариды.

Наталья Юрьевна Гребенщикова мектепте Казбек Валиевпен бірге оқыды. К.Валиев сыныптастарын тауға апарып жүрді, артынан атақты альпинист болды. Наталья Юрьевна шетел тілдері институтында ағылшын тілінен сабақ берді. Әкесі – Юрий Михайлович Жиров – жеңіл атлетика бойынша жаттықтырушы болып, Қазақстанның құрама командасын басқарды. Ал анасы ядро лақтырумен айналысты, 50-жылдары құрама команданың мүшесі болды. Өмір бойы дене шынықтыру пәнінен сабақ берген анасы 93 жасында спорт хабарларын қарайды, қызы тауда серуендеп жүргенде, тамақ пісіреді. Ал Натальяның жолдасы – балықшы болды, екеуі Іле өзенінің ыстық жағасында отырып, таудың салқын самалын аңсайтын еді.

— Қазір менің «Бодрячок» клубымен бірге тауға бару мүмкіндігім бар. Екінші тынысым ашылды, екінші жастық шағым басталды десе де болады! Мен сондай қуаныштымын! Әр жорық – мен үшін мереке. Зейнеткерлер үшін осы жобаны ұйымдастырған «Туранга» компаниясына зор алғыс!

Светлана Ем «Казгипроводхоз » жобалау институтында – альпинист Казбек Валиевпен серігі болып жүріп, 1993 жылы Хан Тәңірі шыңында қаза тапқан Валерием Хрищатыймен бірге жұмыс жасады. Ол – клубтың ең белсенді мүшесі. Клубтың негізгі құрамы осы адамның арқасында қалыптасып, толығып жатыр.

— Таудың қолынан келмейтін ғажайып жоқ, – дейді Светлана. — Күні бүгінге дейін, екі сөздің басын қосып, сөйлей алмайтын едім, ал қазір кездесу, кеш ұйымдастыра аламын, адамдармен шүйіркелесіп, сұхбат құра аламын. «Бодрячок» маған сергектік сыйлады!

Зинаида Ивановна Сим — тетахилинг бойынша жаттықтырушы. Рухани пратика бір орында тапылжымай іс қылуды талап етеді. Бірақ кабинет тірлігі адамның қуатын сарқиды. Сондықтан қолына скандинав жүрісі таяғын алуды көптен ойлап жүр еді. Әлеуметтік желідегі хабарландыруды көргенде, шақыруды қабыл алып, клубқа келді, жүріп үйренді, тауға бара бастады, жоғары көтерілгендегі ентігуі тыйылды, енді қазір құрбысын ертіп алып келді.

Ұзынқұлақ деген радио бар

Иә, ұзынқұлақ радиосы арқылы клубқа жаңа адамдар келіп жатыр. Қос фотограф — Александр Жданко мен Виталий Исиков – жорықтың сән-салтанатын келтіріп жүр. Жданко — танымал энтомолог. Біз одан Іле Алатауының көбелектері жайлы ғана емес, тұтастай алғанда табиғат туралы көп нәрсені біле алдық. Біз бір-бірімізбен білімімізбен бөлісеміз, жаттығу жасаймыз, соқпақтарда серуендейміз.

Ал «Туранга» алдында – зейнеткерлерді ұлттық саябаққа көмекке және «Аюсай» визит орталығына жұмысқа тарту міндеті тұр. Тауға іңкәр белсенді алматылықтар – «Туранга групп» компаниясын Жаңа Жылмен құттықтап, табысты дамып жатқан және аға ұрпақ өкілдеріне Іле Алатауы ұлттық саябағына келуге мүмкіндік сыйлаған маңызды әлеуметтік жоба үшін шын ризашылығын білдіреді. Сіздің жобаңыз шарықтап дами берсін!  Адамдарға шаттық сыйласын! Биылғы Сиыр жылы Сіздер үшін табысты болсын! Шын жүректен, «Бодрячок» клубының мүшелері.

P.S. Жоба өз қызметін 2020 жылдың 1-қарашасында бастады, Клубқа әртүрлі мамандық иелері мүше болып кірді. Бұлар – денін сау де сергек ұстап, өз отбасы, достары мен жақындары үшін пайдалы болып қалғысы келетін зейнеткерлер.

Сондай-ақ оқыңыз

Menu