«Іле Алатауы» саябағының флорасы мен фаунасын жете білу туристік инфрақұрылымды құруға көмектеседі.

Аюсай шатқалындағы визит орталықтың техникалық ашылуы өтті. Нысанды көруге Әл Фараби атындағы ҚазҰУ мен ҚР БҒМ ҒК Зоология Институтының ғылыми мамандары келді.

— Мен бұл жоба туризмді өркениетті түрде дамытуға жетелейді деп санаймын, сондықтан да қуаныштымын, – дейді Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы мен Стандарттау бойынша халықаралық ұйымның мәселелері бойынша Қазақстан Үкіметінің жанындағы Қазақстан Ұлттық комиссиясының мүшесі, БҰҰ БҒМ ұйымының «Адам және биосфера» бағадарламасының қазақстандық ұлттық комитетінің төрағасы, «Тетис» ғылыми қоғамының президенті, ҚР БҒМ ҒК Зоология институтының бас директоры  Роман Васильевич Ященко

— Керемет визит орталық, волонтерлер тобы құрылған, «Іле Алатауы» саябағының брэндін дамытып жатқаны байқалады. Біз пайдалы да қажетті істі атқарып жатырмыз. Бастысы, бәрі ғылыми зертеулерге негізделуі тиіс. «Іле Алатауы» саябағының флорасы мен фаунасын жете білу ғана -туристік инфрақұрылымды, адам мен табиғат арасында қайшылық орын алмайтындай, шын мәнінде, ғылыми негізде құруға көмектеседі.  Саябақты аймақтарға бөлу міндетті түрде ескерілуі керек. Бірнеше аймақтан тұруы тиіс саябақта ішінде адамдарға кіруге тыйым салынған қорық аймағы да болуы шарт. Бұл аумақ экологиялық жүйені сақтауға арналған, оған жапсарлас реабилитация аймағы орналасады. Ал рекреация аймағында туристік қызметті ұйымдастыру үшін, осындай нысандарды орнатып, абаттандыру қажет.

Сондай-ақ оқыңыз

Menu