Жүректеріңіздегі жалын лаулай берсін, волонтерлер!

Бүгін – волонтер күні. «Тамыр» мектебінің негізін қалаушы Асель Исанова табиғатқа аяулы көзқарас ұстанады.  Ол бұл әңкәрлікті бойына бесіктегі кезінен бастап сіңірген, сондықтан әр сынған шыбық, тапалған шөп, кесілген ағаш оның жанын жаралайды. Асель қысқа мерзім ішінде Іле Алатауы табиғи саябағы мен табиғат аясында болу мектебіне қолғабыс қылуға ұмтылған алматылықтардың саны алты жүзге жеткенін айтады.

Волонтерлер сенбілік жасады, қорықшымен бірге жас шырша ағаштарын отырғызу үшін шұңқырлар қазды, таудағы күл-қоқысты жинады. Уақыт өте келе, бұл топтың ішінен скаут бағдарламасынан толық өткен, барша шаралар мен жорықтарға қатысқан  белсенді он адам іріктеліп қалды. Енді Александр Голованов белсенділермен, ішіне – жабдықтармен танысу, бивак орнату, аллғашқы медициналық көмек көрсету енген тереңдетілген бағдарлама бойынша айналысып жатыр. Тәжірибелі гид, нұсқаушы, құтқарушы көп нәрсеге үйрете алады.

Волонтер күні туған табиғат пен сүйікті тауларымыз үшін риясыз қызмет қылуға ықылас білдірген еріктілерге алғыс айтамыз. Олар соқпақ қалыптастыруға, оны қураған ағаш, шөптерден тазартуға ат салысты, қариялар және жас балалар шағын өзендерден өте алуы үшін, оның ішіне өткел ретінде тас салды. Жол картасы волонтерлердің міндетін – күл-қоқыс орнын жинау, тас тасу, түсінік жұмыстарынан өзге, қандай көмек керек екенін анықтайды. Ертең бұл еріктілер адамдар игілігіне пайдаланып жатқан соқпақтарда өз үлесі бары жайлы мақтанышпен айта алады.

Дана Сарсенбекова тауға бала кезінен келіп жүр. Жұмыстан қолы босаған сәттің бәрін волонтерлік іс-тірлікке арнап келеді.

—Мен «Тамыр» мен «Туранга»-ға көмектесуге тырысып бағудамын. Адам да, табиғат та қауіпсіздікте болғанын қалаймын. Табиғатты өскелең ұрпақ үшін сақтап қалуға үлес қосқым келеді. Мен ағартушылық бағыттағы жорықтарға қатыстым, соқпақтарды абаттандырумен айналыстым. «Тамыр»-да тау, орман, өзенге құрметпен қарайтын, көп нәрседен хабардар адамдарды таптым.  Олармен бірге жүргенде, өзімді қауіпсіз сезінемін.

Евгений Быков та тауда өзіне көптеген достар тапты, жаңа білім, ақпаратқа қол жеткізді.

— Мен қаладан гөрі, тауда көбірек болатын адамдардың көзқарас, ұстанымдарымен таныстым. Олармен бірге жүріп көп нәрсені көріп, білуге болады. Мен жұмыс жасап жүрсем де, бұндай жорықтар үшін уақыт табудамын. Мені гид болу қызықтырады және бұл үшін үлкен тәжірибе керек екенін түсінемін.

Алишер Курмангалиев волонтерлік іс-тірлікпен ең басынан бастап айналысып келеді.

— Мен волонтерлерді шақырған хабарландыруды көріп қалдым. Негізі өзімді «флора», «фауна» бағыты қызықтырады. Біз Бутаковка бағытында тал-терек үшін шұңқыр қаздық, сенбіліктерге қатыстық, қоқыстарды қаптадық. Жаңа достар, жаңа бағыттар, жаңа мүмкіндіктер …

Сондай-ақ оқыңыз

Menu