ҚР БҒМ ҒК Зоология институтының бас директоры Р.В. Ященко – табиғат, биосфера резерваттары және визит орталықтар жайлы

ҚР БҒМ ҒК Зоология институтының бас директоры, Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы мен Стандарттау бойынша халықаралық ұйымның мәселелері бойынша Қазақстан Ұлттық комиссиясының мүшесі, БҰҰ БҒМ бас директорының биосфералық резерваттар бойынша кеңесшісі, «Тетис» ғылыми қоғамының президенті Роман Васильевич Ященко визит орталықтар – Іле Алатауының әр шатқалында болуы тиіс деп санайды.

Әр жерге кәуапхана мен киіз үй орната бергеннен гөрі, балалар, студенттер, ересектер келетін білім беру орталықтарын құру керек дейді, – биология ғылымдарының докторы Р.В. Ященко. – Атқарып жүрген қызметіме орай, мен Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының «Адам және биосфера» атты бағдарламасымен байланыстамын. 2014-2016 жылдары осы бағдарламаның Азия және Тынық мұхит бойынша вице-президенті болып жүргенімде, ұлттық саябақтар мен қорықтар негізінде құрылған көптеген табиғи резерваттарды аралай алдым. Болоньеде жүріп, По өзенінің дельтасындағы биосфера резерватына тап болдым.  Онда музей экспонаттары, жәндіктер, гербарийлермен жасақталған, плакаттар мен кәдесый өнімдері сатылатын бір ірі және бірнеше шағын визит орталықтар бар екен. Әр визит орталықта, бұл аумақта қандай қызық  бар екенін және не нәрсеге назар аудару қажетін айтып беретін, 3-4 кісі жұмыс жасап тұрды. Америка ұлттық саябақтарында, Индонезия, Жапонияның биофера резерваттарында және өзге де елдерде осындай ахуал қалыптасқан. Біздің табиғатымыз өте бай. Егер біз осы идеяларды өзімізге сіңіре алсақ, сөйтіп қоршаған ортамен мәдениетті  қарым-қатынас орнатсақ, керемет болар еді. Мен визит орталықтың құрылуын қолдаймын және бұл іс жалғасын табады деп сенемін.

— Визит орталық құру – үлкен істің басы. Сосын, оның мән-мазмұнына көңіл бөлу керек, жұмысқа жастарды тарту керек. Ал біліктілігі жоғары гидтер әр шатқалға қатысты ғылыми ақпаратты егжей-тегжейлі меңгерген болуы шарт. Осындай мамандарды әзірлеу қажет және бұл істе біздің институт айтарлықтай рөл ойнай алады.  Біз келушілер сатып алатын кәдесыйлардан өзге де өнімдерді – жолсілтеуші карталар, брошюра, альбомдарды бірігіп дайындай алар едік. Визит орталықтарда, қандай да бір табиғат қорғау бойынша ілім-білім беретін жобаларға ат салыса алатын, балалардың топтарын ұйымдастыруға болар еді.  Балалар түрлі образдарды қабылдауға бейім келеді. Олардың бойларына мәдени кодтарды – аға ұрпақтарда қалыптасқан тәжірибе, даналықты сіңіру – міне, ілім-білім беру, ағарту дегеніміздің өзі осы.  Ілім-білім –  тазалыққа іңкәрлік, қоршаған ортаға деген махаббатпен ұштастырылып, әсерлендіріліп ұсынылғанда, сіңімді болады.

— Іле Алатауы ұлттық саябағымен жасасқан келісім-шартқа сай, біздің териология, орнитология, герпетология, энтомология зертханасының мамандары – саябақтың ғылыми бөлімінің қызметкерлерімен бірігіп жұмыс жасауда. Біз бірнеше ғылыми тақырыпты өз басшылығымызға алдық, ішінде ең танымал – қар барысын зерттеу жобасы да бар өз зерттеулерімізді жүргіземіз. Айтпақшы, біздің институтта қар барысын зерттеу орталығы бар. Бұл орталық барыстың жергілікті популяциясына мониторинг жүріп жатқан Іле Алатауы ұлттық саябағын қоса алғанда, бүкіл ел аумағында бұл жануар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Бұға қоса, біздің институт пен «Snow Leopard Foundation» халықаралық жеке қоры арасында келісім-шарт бар. Осы шарт аясында Іле Алатауы мен Күнгей Алатау аумағында бірқатар зерттеулер жүргіздік. Бұл қормен бірлесе отырып, қар барысын реабилитациялау орталығын құру ниетіміз бар. Жарақаттанған, күйі кеткен барыстарды, олар қалпына келіп, бейімделіп алғанша вольерде ұстап, артынан еркіндікке жіберуге болар еді. Егер біз әдістемелерін жасай алсақ, барыстарды өсіріп, табиғатқа жіберуді жүзеге асыруға кірісуге болады. Бұл орталықты Аюсай шатқалында ашуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі шақта визит орталықтың ашылуына орай, бұл екі жобаның арасында байланыс орнатуға болады. Сонда, танымдық мақсатты көздейтін визит орталықта болған соң, келушілер ұлтық саябақтың табиғатымен танысуды – реабилитация орталығында жалғастыра алар еді. Сөйтіп,  үлкен вольер ішінде жартылай еркін жүрген барысты көру мүмкіндігін иеленер еді.

— Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының Қазақстан Ұлттық комитетінің төрағасы ретінде, биосфера резерваттарын қалыптастырумен және елдің ерекше қорғалатын табиғи аймақтарына халықаралық мәртебе беру мәселесімен айналысып жатқанымызды айтқым келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының Адам және биосфера» бағдарламасы аясында БҰҰ БҒМҰ биосфера резерваттарының жаһандық желісі белсенді дамып келеді. Бұндай резерваттар ерекше қорғалатын табиғи аймақтар негізінде құрылады және онда қарастырылмаған, ішіне әріптестік, транзит не өтпелі аймақтар енетін қосымша аумақты да қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл – адам баласы өз шаруашылығын жүргізіп жатқан айналасындағы аумақтар қоса алынған, ерекше қорғалатын табиғи аймақ. Биосфера резерваттары – адам мен табиғаттың, әлеуметтік-экономикалық даму мен табиғи экожүйені сақтау қалу арасындағы қайшылықты еңсеру үшін құрылады. Биосфера резерваты үш мақсат үшін құрылған: генетикалық  ресурстарды, биологиялық түрлерді, экожүйе мен ландшафттарды сақтау;  тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қолдау,  демонстрациялық жобалар, экологиялық білім беру, кадр дайындау, табиғатты қорғау мен тұрақты даму мақсатында ғылыми зерттеулер мен мониторинг жүргізу үшін, оларды ғылыми-техникалық тұрғыда жабдықтау.

— «Адам және биосфера» атты бағдарламасының негізі өткен ғасырдың 60-70 жылдары совет және америка ғалымдарымен қаланды. Ал 1971 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы ресми түрде ашылды. 1978 жылы Қазақстанда, Қазақ КСР Ғылым Академиясының жанында «Адам және биосфера» бағдарламасының Қазақстан ұлттық комитеті құрылды. Оның бірінші басшысы – академик Иллялетдинов болды. Қазақстан, өз географиялық ерекшеліктеріне сай,  жалпыодақтық «Адам және биосфера» бағдарламасында бар 14 тақырыптық жобаның сегізіне  ат салысты. «Адам және биосфера» бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі – биосфера резерваттары желісін дамыту. Осы бағдарламының аясында, Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымымен 1970 жылдардың ортасынан бастап, КСРО аумағында биосфералық қорықтар ашыла бастады. Жалпыодақтың бағдарламаның түрлі тақырыптарына (мысалы, адамның шөл мен биік тау жағдайына бейімделуін зертеу жобаларына) белсенді ат салысқанына  қарамастан, бір де бір қазақстандық қорық «Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының биосфера резерваты» атты  мәртебе иелене алмады.  Бұған мен басқарып жатқан «Адам және биосфера» бағдарламасының ұлттық құрамы жаңғыртылған 2011 жылы ғана қол жеткізілді. 2011 жылдың қыркүйегінде комитет Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымына ұлттық сұраныс-хат жолдады. Бұл өтініш аталған Бағдарламаның басшылық органымен 2012 жылдың орта тұсында мақұлданып, біздің елде Қорғалжын мемлекеттік қорығының негізінде тұңғыш биосфера резерваты пайда болды.  Қазір Қазақстанда біздегі қорық, ұлттық табиғи саябақ, мемлекеттік табиғи резерваттар негізінде құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының 12 биосфера резерваты бар. Келесі жылы, барша бағалау сатыларынан өткен соң, елімізде биосфера резерваты  қатарына ХІІІ болып — Көлсай Көлдері енеді деп үміттеніп отырмыз.

— Біз, сондай-ақ, Бурабай, Іле Алатауы, Марқакөл ұлттық табиғи саябақтары мен Наурыз қорығы және өзге де ерекше қорғалатын табиғи аймақтар бойынша ұлттық өтініш хаттар дайындауды жоспарлап отырмыз.  Іле Алатауы саябағына Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының халықаралық мәртебесін беру мәселесі сарапшылар арасында белсенді талқыланып жатыр. Бұл орайда, осы ұлттық табиғи саябақта бірнеше визит орталық орнату, жергілікті туризмге өркениетті  бағыт-бағдар беру – Іле Алатауы ұлттық саябағының Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының тарапынан халықаралық мәртебе алу мүмкіндігін арттырады. Бұл тұрғыда – саябақтың табиғи экожүйенің сақталуы ескерілген аймақтарға бөліну шарттары қатаң орындалуы керек.

«Туранга групп» компаниясы ҚР БҒМ Зоология институтымен жануарлар әлеміне сараптама жүргізу бойынша әріптестік туралы келісім шарт жасасқаны жайлы естеріңізге сала отырайын. Алдағы уақытта қауымдастықтың күй-жайына тұрақты мониторинг жүргізіліп отырмақ.

Сондай-ақ оқыңыз

Menu