Таңдау өзіңізде

Таяу күндерде Аюсай шатқалындағы визит-орталық келушілер ашық болады. Бұл төбешікті жасақтауды, келушілердің қауіпсіздігі үшін ғана қолға алғанымызды атап өткен жөн, сондықтан да «Аюсайдағы қыс» жобасын әзірлеген “Адвантик групп” оператор-компаниясын шақырып едік.

Ақы жабдықталған төбешіктерге ғана қатысты алынғанын және баллонның ақысы билеттің құнына кіргенін атап өткіміз келеді. Дегенмен, бұрынғыша сырғанай бергісі келетіндер жабдықталмаған төбешіктерді еш ақысыз пайдаланды. Қазіргі шақта жоба тоқтап жатыр, аумақ бұрынғы қалпына оралады. Төбешікте сабаннан жасалған белдеу ғана қалады, енді сырғанаушылардың қауіпсіздігі – олардың өз жауапкершілігінде болады. Компания өкілдері сырғанаудың қалай жүріп жатқанына зер салып, демалушылардың пікірін біліп жүретін болады. Өркениет ережелеріне сай  демала ма, әлде баяғыша – тегін, бірақ зақым алу қаупі жоғары демалысты таңдай ма, бұны қала тұрғындары өздері шешсін.

Сондай-ақ оқыңыз

Menu